📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » 18 наурыз – Ұлттық киімдер күні.

18 наурыз – Ұлттық киімдер күні.

18 наурыз – Ұлттық киімдер күні. Еліміздің барлық өңірлерінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған шара 2024 жылдан бастау алып келеді. Бұл күні қазақ халқы ұлттық киімдерін насихаттай отыра өз тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін, құрметін көрсетеді және өз салт-дәстүрлерін басқалармен бөлісу үшін ұлттық киімдерін киеді. Ұлттық киімдегі ою мен зерлі шапан, бүрмелі көйлегі мен сәукелесі белгілі бір мағынаға ие екені сөзсіз. Осы орайда бүгін арнаулы кітапхана ұжымы да атаулы мерекенің насихатталуына атсалысты. Кітапхана қызметкерлері ұлттық нақышта киініп осы дәстүрді үрдіске айналдыру керектігін ұсынды. Ата-бабамыздан қалған саф мұрамызды дәріптеп, болашақ ұрпаққа аманаттау басты парызымыз болып қала бермек...