«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік» адалдық сағаты
Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс – әрекеттер мен маңызды шаралар атқарылуда. Осы орайда бүгін арнаулы кітапханада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік» атты адалдық сағаты өтті. Осы індеттің алдын алу, жемқорлықты болдырмау мақсатында оқырмандарға «сыбайлас жемқорлық» деген ұғым түсіндіріліп, талқыланды. Еліміздің жарқын болашағы үшін сыбайлас жемқорлықпен күресте жұмылған жұдырықтай бір болып, індетпен күресті басты міндетіміз деп қабылдау қажет.
