«Жат ағымның арбауынан аулақ бол!» ақпарат сағаты.
Бүгін арнаулы кітапхананың оқу залында «Жат ағымның арбауынан аулақ бол!» атты ақпарат сағаты кітапхана оқырмандарының қатысуымен өтті. Шараның мақсаты ел бірлігі мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіретін ағымдардың жетегіне еріп кетудің алдын алу, жастарға бағыт-бағдар көрсете отыра имандылық тақырыбында дұрыс тәрбие беру. Шара барысында оқырмандар көптеген пайдалы мағлұматтарға қанық болды. М.Құлдүйсенова, Д.Палмаш өз ойларын ортаға салып қоғамға кері әсері бар ағымдардан аулақ болуға шақырды.
