📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Ана – өмір, Ана – бақыт, Ана – жыр!»

«Ана – өмір, Ана – бақыт, Ана – жыр!»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – сұлулық пен нәзіктіктің, мейірім мен махаббаттың мерекесі. Қоғамдағы оң өзгерістердің әрқайсысында әйел қауымының еселі еңбегі, айрықша қолтаңбасы бар. Көктеммен қатар келетін мерекені арнаулы кітапхана ұжымы да атап өтті. Кітапхана ұжымының жігіттер қауымы әзірлеген мерекелік сыйлықты мекеме басшысы Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы табыстап,  2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылына орай еңбек адамдарын Алғыс хаттармен марапаттады. Сала ардагерлері Пернегүл Қасымқызы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының Алғыс хатымен марапатталды. Мереке аясында қыз-келіншектер арасында дойбыдан сайыс өтіп кітапхана қызметкері Күлімкөз Жасұзаққызы жүлделі І орын иемденіп кітапхана абыройын асқақтатты. Ұжым қыздарына кәсіподақ ұйымы тарапынан да сыйлықтар әзірленіп табысталды. Аяулы Аналарымыз бен сұлу қыздарымызды тағы да мерекелерімен құттықтап отбасының амандығын, дендерінің саулығын тілейміз!