8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем – Ару, Көктем - Ана» қыз-келіншектер арасында байқау.
Бүгін, арнаулы кітапхана және «Зағиптар қоғамы» клубының қызметкерлерімен бірлесіп 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем – Ару, Көктем - Ана» атты қыз-келіншектер арасында байқау болып өтті.Байқаудың мақсаты: Қоғамдағы өнерге жақын қыз-келіншектердің шығармашылығын насихаттау, бос уақытын тиімді өткізу болып табылады.
Байқауға қатысушылар «Таныстыру», «Өз өнерін көрсету», «Сұрақ-жауап», «Қол өнер және аспаздық» кезеңдері бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде І орынды «Орда зағиптары» қоғамдық бірлестігінің атынан қатысушы Есмағанбетова Тұрсынкүл , ІІ орынды «Зағиптар клубының» атынан қатысушы Қалменова Шұғыла, ІІІ орынды арнаулы кітапхананың атынан қатысушы Дүзбай Күлімкөз иемденді. Байқауға қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
