📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында классик жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Тәкеннің асыл мұрасы» библиофест.

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында классик жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Тәкеннің асыл мұрасы» библиофест.

Бүгін, «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №8 арнаулы санаториялық мектеп-интернатының кітапханасында оқушылардың қатысуымен  классик жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Тәкеннің асыл мұрасы» атты библиофест өтті. 

Дарабоз суреткердің артына қалдырған баға жетпес мұрасы жайлы кітапханашысы Ж.Тілеуова ақпарат берді. Шараның мақсаты жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, кітапханаға оқырмандар тарту болатын. Шара аясында «ТәкенӘлімқұлов -шебер жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды және «Жарқын бейне» тақырыбында видеоролик көрсетілді. Кітапхана оқырманы Құлдүйсенова Меруерт жазушының Махамбет Өтемісұлының өмірінің ақтық сәтін психологиялық тұрғыда шынайы және шебер бейнелеген «Қараой» әңгімесінен үзінді оқыды. Жазушының шығармашылығына арналған шара өз дәрежесінде өтті.