«Алғыс айту» мерекелік шара.
Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілікпен келісім саясатының салтанатты күні.
Осы айтулы мереке қарсаңында арнаулы кітапхана және «Зағиптар қоғамы» клубының ұйымдастыруымен 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту парызым» атты мерекелік шара болып өтті. Шараны ҚС қоғамдық бірлестігі қызылорда облыстық филиалы төрағасынының міндетін атқарушы Б.Байманова және арнаулы кітапхана басшысы Б.Арысбаев мырза ашып берді.
Мәдени шараның мақсаты бірлігімізді, бірегейлігімізді сезіну, этностардың бір-біріне деген мейірімін, сыйластығын, тұтастығын одан әрі нығайту. Шара барысында қонақтар бір-біріне алғыс айтып, мерекелік шара ән-шашуға ұласты. Шара қонақтарына кітаптар сыйға берілді.
