📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жыр жүйрігі - Мұқағали» еске алу кеші

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жыр жүйрігі - Мұқағали» еске алу кеші

Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақын. Ақынның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.  Мұқағали Мақатаевтың  туған күніне орай арнаулы кітапхана қызмеркерлері және клуб қызметкерлері бірлесіп «Жыр жүйрігі - Мұқағали» атты еске алу кешін ұйымдастырды. Шараны кітапхана директоры Бауыржан Мыңжасарұлы және ҚСҚ соқырлар қоғамы облыстық басқарма төрайымы Бидайкүл Байманова ашып берді. Ақынның  сырлы өлеңдері мен оның сөзінен жазылған әндерін зағип азаматтар орындады.