📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Қазақстанның халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Жырдың ақ бас ағасы» тұлға сағаты

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Жырдың ақ бас ағасы» тұлға сағаты

Бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлының туғанына 90 жыл толуына орай «Жырдың ақ бас ағасы» атты тұлға сағаты болып өтті. Шараның мақсаты ақынның қаламынан туған тұғыры биік туындылар мен ел жадынан өшпейтін естеліктерді өскелең ұрпаққа насихаттау. Шара аясында оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, өлеңдеріне жазылған әндерін орындады. Сонымен қатар Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ жырының Қадыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шараға қатысушыларға таныстырылды.