«Әлемді танытқан алты нүкте» Брайль сайысы. /І-ІІ топ көз мүгедектері арасында сайыс/.
"Әлемді танытқан алты нүкте"Брайль қарпі – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жазу жүйесі. Бұл әліпби көзі көрмейтін адамдарға жазу мен оқуға мүмкіндік береді. Бүгін зағип оқырмандардың қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Брайль жүйесі бойынша жазудан «Әлемді танытқан алды нүкте» атты сайыс І-ІІ топ көз мүгедектері арасында өтті. Сайыстың мақсаты зағип азаматтардың Брайль жүйесін игеруіне талпындыру, кітапханаға оқырмандарды баулу болып табылады. Сайысқа өздігінен үйренген І топ көз мүгедектері қатысты. Сайысқа қатысушылар Тәкен Әлімқұловтың «Саржайлау» әңгімесінен диктант жазды. Қазылық жасаған арнайы маман А.Нүрлиева мен З.Бисенова І орынды Ғалымжан Кенжебековке, ІІ орынды Жанар Ағыбаеваға, ІІІ орынды Құрманғазы Құлбаевқа тиесілі деп тапты. Жүлделі орынға ілінбеген оқырмандар да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Кітапхана директоры Бауыржан Мыңжасарұлы жеңімпаздарды марапаттап демеушілік жасаған «Жәудір» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Абилова Гүлсім Серікбайқызына алғысын білдірді.

