
21 ақпан күні Алаш қозғалысына қатысқан көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі, қазақ ойшылы, жалынды публицист, жазушы-аудармашы Мұстафа Шоқайдың 135 жыл толуына орай«Алаштың айбын ардағы»атты тарихи танымдық сағат өтті. Мақсаты:Оқырмандарға Алаштың арысы, әлем таныған үлкен тұлға Мұстафа Шоқай өмірімен, қызметімен, еңбектерімен етене таныстырып,қайраткердің есімін ұлықтап, тәуелсіздік жолындағы ерен еңбегін дәріптеу. Кешке № 48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылар және тарих пәнінің мұғалімі Н.Утеева қатысты. Шара барысында М.Шоқайдың өмірі мен еңбектері,қызметі жайлы слайд көрсетілді. М.Шоқайдың Түркістан автономиясының негізін қалауда, халықтың әл-ауқатын жақсартудағы Түркістан платформасын құруды қолдауы, оның ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық және әлеуметтік қайта жаңғыру үшін басталған қозғалыстың көш бастаушыларының бірі болғаны және Мемлекеттік Думадағы қызметі, Мұсылмандардың ІV төтенше құрылтайына қатысқаны туралы мол мағлұматтар берілді.
