» » Рүстембек Жиенбайұлының 120 жылдығына арналған «Рүстембек әннің дүл-дүлі» атты жыр кеші

Рүстембек Жиенбайұлының 120 жылдығына арналған «Рүстембек әннің дүл-дүлі» атты жыр кеші

«Рүстембек әннің дүл-дүлі»

Ұрпақтан ұрпаққа сабақтастық болып келе жатқан жыраулық өнерді туған әкесі Жиенбай сыйлаған домбырасын алып, алқалы топ алдына шығып, халықтық  толғау-термелерді шебер орындап, ел ауызына ілінген жыр дүлдүлі.  Рүстембек Жиенбайұлы Сыр сүлейлері Ешнияз сал, Балқы Базар, Қарасақал Ерімбет, Дүр Оңғар, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет сынды жыр алыптарының дастан-толғауларымен бірге әкесі Жиенбайдың Көрұғлы дастанын жаттап, халық алдында күндіз-түні ұйықтамай жырлаған. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп Төле би айтқандай, жыраулық өнерімен өз заманында дүлдүл деген атақты иеленген  Рүстембекті дәріптеу мақсатында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен жырау Рүстембек Жиенбайұлының 120 жылдығына арналған «Рүстембек әннің дүл-дүлі» атты  жыр кеші болып өтті. Шараны кітапхана директоры Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы ашып, шара қонақтарын таныстырды. Кешке Қызылорда облыстық филормониясы басшысының орынбасары, жыраулар үйінің жетекшісі Амандық Қуандықұлы және жыраушылар Әділхан Қуаңбаев, Бисенбек Төлеубаевтар қатысып өрелі сөздің кестесін келтіре жырлап шараға қатысушыларды бір марқайтып тастады.


18 ақпан 2025 ж.. 63
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам