» » «Сиқырлы әріптер сыры» Брайль сайысы /Брайль үйірмесі мүшелерінің арасында Брайлша жазудан сайыс/.

«Сиқырлы әріптер сыры» Брайль сайысы /Брайль үйірмесі мүшелерінің арасында Брайлша жазудан сайыс/.

2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармалары ұсынылған болатын. Осы орайда бүгін арнаулы кітапханада «Сиқырлы әріптер сыры» атты Брайль қарпінде жазбаша жазудан сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа арнайы мектеп бітірген және өздігінен үйренген І топ көз мүгедектері қатысып, Ж. Нәжімеденовтің «Ақ шағыл» романынан диктант жазды. Сайысты кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі А. Бекенова ашып қатысушыларға сәттілік тіледі. Кітапхана жанынан ашылған «Ғажайып нүкте» үйірмесінің маманы кітапханашы А. Нұрлиева диктанттарды тексеріп, нәтижесінде арнайы мектеп бітіргендер арасынан І орын Б. Тәжібаева, ІІ орын Ж.Досжанов, ІІІ орын Е. Қылышбаев иеленсе, өздігінен үйренгендер арасынан І орын Ш. Тәженова, ІІ орын Ғ. Кенжебеков, ІІІ орын Ж. Ағыбаева иеленді. Сайысқа демеушілік жасаған Қазақ соқырлар қоғамы Қызылорда облыстық соқырлар қоғамы бірлестігі төрайымының міндетін атқарушы Байманова Бидайкүл сайыс жеңімпаздарын құттықтап алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. 

14 ақпан 2025 ж.. 85
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам