«Ауғанның отты жалыны» ақпарат сағаты
2025 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толады. Бұл айтулы да қаралы дата. 1979 жылдан 1989 жылға дейін созылған Ауған соғысы Кеңес әскері үшін әрбір жауынгердің ерлігі мен туған жерге деген адалдығы арқасында еңсерілген сынақ болды. Майдангер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі десек, ортамыздағы Ауған соғысы ардагерлері Ұлы отан соғысында от кешкен ата-бабаларымыздың лайықты ізбасары ретінде жастарымызға тағлымы мен тәлімі мол тұлғалар.
Ендеше, бүгінгі күн əскери борышын Ауғанстанда атқарған азаматтарымызға құрмет көрсетіп, құрбан болған боздақтарды еске алатын тағдырлы әрі тарихи күн екендігі сөзсіз.
Осы орайда арнаулы кітапханада «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.
Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету бәріміздің міндетіміз.