📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Бір өзі - біртұтас дәуір» тұлға сағаты

Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Бір өзі - біртұтас дәуір» тұлға сағаты

Тұлға – өзімен ғана емес, елімен, халқымен тұлға. Тұлғаны қоғам және тарихи уақыт туғызады. Сондай біртуар тұлғалардың бірі – түркітанушы, ғалым Ә.Қоңыратбаев. Осы орайда бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Бір өзі - біртұтас дәуір»  атты тұлға сағаты болып өтті. Ұлттық әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар Әуелбек Қоңыратбаевтың қазақ фольклоры мен әдебиетін, тарихын зерделеп, ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұралары туралы тың ақпараттар беріліп кеңінен насихатталды. Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға кітапханашы жауап беріп шара өз дәрежесінде өтті. Ғалымның   жан-жақты зерттеген баға жетпес ғылыми еңбектері болашақ ұрпақтың  игілігіне қызмет ете береді...