📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ елінің кемеңгер тұлғасы» таным сағаты

Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ елінің кемеңгер тұлғасы» таным сағаты

Бүгін арнаулы кітапханада  Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай  «Қазақ елінің кемеңгер тұлғасы» атты таным сағаты өтті.   Жазушының қаламынан шыққан шоқтығы биік «Көшпенділер», «Алтын Орда» тарихи трилогиялары оқырманға етене таныс. Оның «Қауіпті өткел», «Ға­шық­тар» романдарын да оқырман сүйіп оқиды.  Ілияс Есенберлин – қазақ халқының тарихи мұрасын жаңғыртқан, ұлт рухын шынайы шығармаларымен танымал ете білген тұлға. Қазақтың тарихын алғашқы ханынан бастап, соңғы ханына дейінгі тарихты қағаз бетіне түсіріп кеткен ұлы жазушы. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған видеослайд көрсетіліп оқырмандарға тыңдатылды.