Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» кітап көрмесі
23 қаңтар күні арнаулы кітапханада қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы кемеңгер ойшыл, композитор, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы классигі Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын оқырмандарға кеңінен насихаттау. Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Ақынның қай шығармасын алсаң да тұнып тұрған өсиет, тұнып тұрған тәрбие, тәлім. Көрмеге Абайдың «Қара сөздері» және «Сенде бір кірпіш дүниеге», «Қалың елім қазағым» атты өлеңдер жинағы және Ағжан Машановтың «Әл-Фараби және Абай», Мекемтас Мырзахметовтың «Абай және Шығыс» кітаптары оқырмандарға таныстырылды.
