«Жемқорлықпен күрес - ортақ іс» тақырыбында кітап көрмесі.
Жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Осы орайда 17 қаңтар күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес - ортақ іс» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ықпал ететін Қазақстан Республикасының құқықтық құжаттары мен әдебиеттері туралы оқырмандарды ақпараттандыру, сонымен бірге белсенді өмірлік ұстанымына, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу. Тұрақты көрме қоғамның дамуына тұсау болып отырған келеңсіз іс-әркеттердің алдына алады деген үміттеміз.
