«Ұлы тұлғалар туған күн» атты кітап көрмесі.
15 қаңтар күні арнаулы кітапханада «Ұлы тұлғалар туған күн» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жыл көлемінде тойланатын мерейтой иелеріні шығармалары және өмірі туралы құжаттар жинақталып оқырмандарға таныстырылды. Шараның мақсаты ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармалары туралы толыққанды мағлұматтар беру. Көрмеде ел тарихында әдебиет, ғылым мен өнер саласында өзіндік орны бар, мерейтойлары республикалық және Юнеско көлемінде аталып өтілетін тұлғалардың еңбектері, фотосуреттері қойылды.