«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қазақ әдебиетіндегі қайталанбас дара тұлғалар» кітап көрмесі.
14 қаңтар күні арнаулы кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалынып алынған ақын, жазушылардың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Биылғы жылдың таңдауы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері әдебиеттанушы Тәкен Әлімқұлов пен ұлы ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларына түсіп отыр. Осы орайда арнаулы кітапхананың оқу залында «Қазақ әдебиетіндегі қайталанбас дара тұлғалар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ақын, жазушылардың шығармаларын насихаттау болып табылады. Көрмеге қазақ әдебиетінің майталмандарының маңдайалды шығармалары қойылып оқырмандарға таныстырылды.

