Халық жазушысы, қоғам қайраткері көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Жыр қарлығашы-Фариза» атты поэзия кеші

Шара барысында жас оқырмандар ақынның өмірімен шығармашылық жолдарымен танысып, «Ақ мамам», «Айша бибі», «Өзімді таныстыру» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Фариза Оңғарсынова - көркемсөз майданында ақын мен жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақын. Өмірін өлең деген құдыретпен өрнектеп, жырдан маржан сүзген ақынның артында өшпес ізі қалды.