📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Түрік халықтарының жанашыры» атты ерлік сағаты.

Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Түрік халықтарының жанашыры» атты ерлік сағаты.

   Тұрар Рысқұлов – мемлекеттілігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Күрделі кезеңде ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп, талай игі бастамаларға ұйытқы болып, нәубет жылдары халықты аштықтан құтқаруға атсалысқан, қазақтың біртуар перзенті. Осы орайда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ірі ғалым, публицист, тарихшы, дипломат Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай   «Түрік халықтарының жанашыры» атты ерлік сағаты өтті.

     Шара мақсаты: Тарихи тұлғалардың ел мүддесін қорғау жолындағы қажырлы еңбегін түсіндіре отырып, азаматтық ұстанымын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.