«Терроризмнен сақтану басты міндет» атты пікір алмасу.
Бүгін арнаулы кітапхананың оқу залында «Терроризмнен сақтану басты міндет» атты пікір алмасу болып өтті. Терроризмнен сақтану бағытында қазіргі уақытта бүкіл әлем болып күрес жүргізуде. Бірақ әртүрлі ұйымдық топтар адамзат өміріне қауіп төндіруін тоқтатар емес. Сол себепті де бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күрес жүргізу құптарлық іс екендігі айтпаса да түсінікті. Кітапханашы Нүрлиева Ақмарал, Кулбаев Құрманғағы, Тілегенов Жасұлан жалпы терроризмнің қоғамға тигізер зияны мен қаупі туралы өз ойларын ортаға салды. Шара барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы департаменті ұсынған «Қауіптің алдын алу және салдарын азайту» тақырыбында видеоролик тыңдатылды.