«Ғылымдағы ғұмыр» тұлға сағаты. Ғалым, Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті Әбдуәли Қайдар Туғанбайұлы 100 ж./ (1924-2019)
Қазақ тіл білімінің бағына туған тұлға, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті Әбдуәли Қайдар Туғанбайұлының туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осы орайда арнаулы кітапхананың оқу залында «Ғылымдағы ғұмыр» атты тұлға сағаты болып өтті. Әбдуәли Қайдар жарты ғасыр бойы қазақ және ұйғыр тілдері мен жалпы салыстырмалы түркітану мәселелерін зерттеумен шұғылданған ғалым. Қазақ тіл білімінің бағына туған Әбдуәли Қайдар Туғанбайұлы қазақ тіл тарихына қосқан үлесі орасан зор. Шара барысында тұлғаның өмірі мен ғылыми жұмыстары туралы ақпараттар берілді. Кітапханашы Айнамкөз Сүйіндікова мен кітапхана оқырманы Петрова Екатерина тіл туралы өлеңдерін оқыды.