📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Алматы. Желтоқсан. 1986 жыл» еске алу кеші.

«Алматы. Желтоқсан. 1986 жыл» еске алу кеші.

     Тәуелсіздік жолы – ауыр жол. Сол жолдағы айтулы оқиға – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Біз білетін желтоқсан санаға қорқыныш ұялатып, көкейге үрей туғызып келгені анық. Бұл ұлы құбылысты кең көлемде насихаттау, жас ұрпақтың одан тағылым алуына жете мән беру – біздің қасиетті борышымыз. Осы орайда бүгін арнаулы кітапханада қаламыздағы №8 арнайы мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен «Алматы Желтоқсан 1986 жыл» атты Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші болып өтті. Еске алу кешінде төрткүл дүниеге серпін берген Желтоқсан оқиғасы, ұрпаққа ұран болған тәуелсіздік қарлығаштары – қазақ жастарының ерлігі, оларды қолдаған бүкіл халықтың тағдыр-тауқыметі туралы мағлұматтар беріліп, видеороликтер көрсетіліп тақырып төңірегінде өлеңдер оқылды. Шара соңында кітапхана оқырмандары Алмасұлы Серік пен Сәбитұлы Жанарыс «Адай», «Балбырауын» және тағы да басқа күйлерді орындап көпшіліктің көңілдеріне қуаныш сыйлады.