» » «Қ.Жұбанов – ғылым көгінің жарық жұлдызы» тұлға сағаты. /Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың туғанына 125 ж/.

«Қ.Жұбанов – ғылым көгінің жарық жұлдызы» тұлға сағаты. /Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың туғанына 125 ж/.

Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен ХХ ғасыр басында қазақ тіл білімінің негізін қалауға айрықша үлес қосқан аса көрнекті тілші - ғалым, профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қ.Жұбанов - ғылым көгінің жарық жұлдызы» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты Құдайберген Жұбановтың өмірін үлгі ете отырып жастарды білімділікке баулы, кітап оқуға шақыру. Шараға №127 Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицейінің оқушыларының   қатысуымен өтті.  Кітапханашы Ақтоты Орынбаева  Құдайберген Жұбановтың  өмірбаяны мен тіл білімі саласындағы еңбектері туралы мағлұматтарға тоқталды. Оқырмандар Құдайберген Жұбановтың ғалымдық қыры, артында қалдырған құнды мұралары туралы ақпараттарға қанық болды.

13 желтоқсан 2024 ж.. 80
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам