«Тәуелсіздік – еркіндігім, қастерлім» кітап көрмесі.
Бүгін, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - еркіндігім, қастерлім!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты – ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрмеде Тәуелсіздік тарихы және 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайында жарық көрген кітаптарға библиографиялық талдау жүргізілді. Көрмеге "Мәңгілік ел", Ә.Бәкір "Тәуелсіздік тағдыры", М.Қозыбаев "Киелі Тәуелсіздік", Азаттық аңсағандар: деректі шығармалар жинағы, "Желтоқсан – көтерілісі» атты кітаптар қойылып оқырмандарға ұсынылды.