«Өмірін өнерімен өрнектеген» өнер сағаты. КСРО мен Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова 95 жаста.
Бүгін арнаулы кітапханада КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналып «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты өнер сағаты өткізілді. Іс-шараға кітапхана оқырмандары қатысты.
Кітапханашы әйгілі өнер майталманы Бибігүл Төлегенова жайлы қызықты да пайдалы ақпарат берді. Оқырмандар әнші туралы бейнематериалдар мен танымал әндерін тамашалады.
Бибігүл Төлегенова-қазақтың бұлбұлы атанған опера әншісі, актриса әрі педагог, Социалистік еңбек ері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақтың бұлбұлы!
