«Заманымыздың заңғар тұлғасы» портрет кеші. /Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 ж./
Бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен қаламыздағы №7 арнайы мектеп-интернат кітапханасында жетінші сынып оқушыларының қатысуымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Заманымыздың заңғар тұлғасы» атты портрет кеші өтті. Шара барысында оқушылар әйгілі сөз зергерінің замандастары, достары, әріптестерінің әр жылдардағы жазған кезекті басылымдар беттерінде жарық көрген ой-толғамдары, ыстық лебіздерімен танысып көп мағлұмат алды. Шараның мақсаты: жас ұрпақты жазушының шығармашылығымен, өнегелі өмірімен таныстыру, үлгі ету.
