«Волонтер болу – жүрек қалауы» қайырымдылық шара /5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күні/.
Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі, кісінің айналасындағы адамдарға деген ықласы мен көмегін адамгершілік қарым- қатынастарын білдіреді. Осы тақырыпта бүгін «5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күніне» орай «Волентер болу жүрек қалауы» атты шара қаламыздағы №8 мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен өтті. Шараға 4-ші сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға еріктілер туралы яғни, бейбіт өмірдің батырлары туралы көптеген мысалдар келтіріліп таныстырылды. Оқушылар өздері жасаған қамқорлық, мейірімділік туралы өздерінің үлкен кісілерге көрсеткен көмектері туралы әңгімелеп берді. Сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқан оқушыларға ертегі кітаптарды сыйға тартылды.