«Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» аясында «Біз есірткіге қарсымыз» атты кітап көрмесі.
Қазіргі кезде елімізде ұрпақтарымыздың өсіп-өнуіне, қалыпты өмір сүруіне кедергі жасап отырған кеселдің бірі – нашақорлық екені мәлім. Ұлтымызды алаңдатып, ұрпағымыздың адами қасиеттен айыратын тажал дертке қарсы күресті әрбір саналы азамат парызым деп қабылдап оның алдын алуда тынымсыз еңбек жасау керек. Есірткімен бүгінгі таңда дүние жүзі болып күресуде. Осы орайда арнаулы кітапханада «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» аясында «Біз есірткіге қарсымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды. Көрмеге осы дендеп бара жатырған кеселді болдырмау және сақтану мақсатында баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалармен оқырмандар танысып салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған әдебиеттер туралы ақпараттар алды.
