📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Жаңа кітаптар» жаңа Брайлша кітаптарға әдеби таныстырылым.

«Жаңа кітаптар» жаңа Брайлша кітаптарға әдеби таныстырылым.

      Бүгін арнаулы кітапхананың оқу залында  кітап қорына келіп түскен жаңа Брайль қарпіндегі нүктелі-бедерлі кітаптардың   таныстырылымы өтті. Таныстырылым барысыда кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, әр кітаптың мазмұнына қысқаша мәліметтер берілді. Оқырмандардың көңілін  ерекше  аударған Т. Нұрмағанбетовтің «Періштелердің өлімі», Ә. Нұршайықовтың  «Махаббат, қызық мол жылдар», Г.Н. Кабдолашеваның «Мұқилашым – менің мұңым», Башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың «Көше балалары», С.Олжабайдың «Ақсақ темірдің алмас қылышы», Б. Сарыбайдың  «Ақтабан», Ж. Қ. Қайранбайдың «Ақбөрте», С. Нұғыманның «Асыл қиқым» атты кітаптар.Шараның мақсаты кітапханаға жаңадан  келіп түскен Брайль қарпіндегі кітаптар туралы хабардар ету, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге түрткі болу.