📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» кітап көрмесі.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» кітап көрмесі.

Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының оқу залында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: жемқорлықтың пайда болу себептерін түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптыстыру, ар-намыс пен адалдықтың ара жігін айыра білуге баулу. Кітап көрмесіне  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша құқықтық мағлұмат беретін әдебиеттер, мерзімді басылымдар бетінде  жарық көрген мақалалар мен қылмыстық, тәртіпттік, әкімшілік  жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік  актілер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы зандары қойылып оқырмандарға таныстырылды.

26 қараша 2024 ж.. 89