«Қазақтың дара жазушысы» баспасөз клиппингі / Бердібек Соқпақбаев 100 ж./ «Бір ел – бір кітап» акция аясында.
«Бір ел- бір кітап» акциясы аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО-ның есте қалатын даталар күнтізбесіне 100 жылдық мерейтойы енгізілген Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған шара кітапхананың оқу залында «Қазақтың дара жазушысы» атты тақырыпта баспасөз клиппингі қаламыздағы №5 «Көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернат» оқушыларының қатысуымен өтті. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармалары туралы баспасөз беттерінде жарық көрген мағыналы ақпараттарға шолу жасалынды. Сонымен қатар жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды. Шара барысында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің желісімен режиссер Абдолла Қарсақбаевтың сценарийі бойынша түсірілген кинофильмінен үзінді көрсетілді. Астана төрінде сөз зергерінің өзіне ғана емес оның кейіпкеріне де ескерткіш орнату ұлт руханиятына деген қадір-қасиеттің белгісі.