«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» мерекелік кеш /25 қазан - Республика күні/
Бүгін, арнаулы кітапханада 25 қазан - Республика күні қарсаңында «Мәңгілік жаса қыран елім! атты және 24 қазан - Кітапханашылар күніне орай «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік шара болып өтті. 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлытау облысында ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күнін қайтаруды ұсынған болатын. Бұл дер кезінде қабылданған шешім болды. Өйткені, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларация дәл осы күні қабылданып тарихи мерекелер санатына қосылған болатын. Шара мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып патриоттық тақырыпта өлеңдер оқылып әндер шырқалды. Сонымен қатар шара барысында кітапхана ісінің дамуына үлесқосқан кітапхана қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.