15 қазан - Халықаралық Ақ таяқ күніне орай «Өмірге құштар жандар» сайыс.
Бүгін 15 қазан – Халықаралық Ақ таяқ күні. 15 қазанда әлемнің көптеген елдері Ақ таяқ күнін атап өтеді. Бұл күн – айналамыздағы мүмкіндігі шектеулі жандар тұратынын еске салу болып табылады.Зағип жанның өзіне сеніп, көру қабілетінің нашарлығына қарамастан, көптеген жетістіктерге жете алатындығын білу үшін арнаулы кітапхана оқу залында «Өмірге құштар жандар» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыс І-ІІ топ көз мүгедектерінің қатысуымен теңге айыру, дән айыру және кедергіден өту түрінде өтті. Сайысқа қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Тұрақты оқырманымыз Т. Дүзбай барлық зағип жандарды бүгінгі мерекемен құттықтап, кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтты.