«Сәкен,Ілияс,Бейімбет: Үшеудің үні» портрет кеші /Жазушы қоғам қайраткері С. Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б. Майлиннің туғанына 130 ж. (1894-1938)
11 қазан күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханасында, 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіров «тар жол, тайғақ кешу» кезеңіндегі ұлтының көшбасшылары үш алып бәйтерегіміздің туғанына 130 жыл толуына орай «Сакен, Ілияс, Бейімбет» атты портрет кеші өтті.
Мақсаты: Қазақтың үш бәйтерегінің өмір жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру, шығармаларын насихаттау.
Шара барысында, мектеп оқушылары «Өмірлері өнеге-үш бәйтерек» және «Үш бәйтерек-үш алып» тақырыптарында теңдікті аңсаған,
әділетсіздікті жырлаған, болашағымыздың бостандығы үшін күресіп, арттарында өшпестей із қалдырған ағаларымыздың мол мұрасы, өмір жолдары туралы тың деректермен танысып, ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқыды. Оқырмандар оқыған кітаптары бойынша пікір алмасты.
Қазақ әдебиетіндегі үш қайталанбас үш тұлғаның өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да, мәнді, жас ұрпаққа үлгі болып қала берері сөзсіз.