📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Қазыналы қарттарым» үй оқырмандарын құттықтау 1-қазан – Халықаралық қарттар күні

«Қазыналы қарттарым» үй оқырмандарын құттықтау 1-қазан – Халықаралық қарттар күні

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі жастарға ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауым елге бас – көз бола білген қарттардың орны ерекше. Үлкенді сыйлау мен оларды құрметтеу біздің парызымыз. Осы орайда   1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай  кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Қазыналы қарттарым» атты   қайырымдылық шарасы өтті Кітапханаға өздігімен келе алмайтын яғни, үйден оқитын көз мүгедектерін мерекелерімен құттықтап,  сый – сияпаттар жасалды. Еңселі еңбектерінің зейнетін көріп отырған барша қарттарымызды мерекелерімен құттықтап ұзақ ғұмыр тілейміз.