📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында. «Бала жүректі қаламгер» Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестін талдау (№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп – интернат оқушыларымен)

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында. «Бала жүректі қаламгер» Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестін талдау (№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп – интернат оқушыларымен)

Балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Бала жүректі қаламгер» Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіне талдау болып өтті.

Шараға №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп-интернат  оқушылары қатысты.

Мектеп дирнкторы Ахметов Жамбыл Тұрсынбайұлы шараны ашып, тәлімгер Әбдрашова Айнұр Б.Соқпақбаевтың өмір жолымен шығармаларына тоқталды. Оқушылар «Менің атым Қожа» повесін қызу талқыланып, өз ойларымен бөлісті.

Мақсаты: Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.

Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу;

Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.