«Жошы ұлысы – мемлекетіміздің негізі» тарихи - таным сағаты /Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл/
Бүгін арнаулы кітапхана оқу залында Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай «Жошы ұлысы – мемлекетіміздің негізі» атты тарихи – таным сағаты өтті. Кітапханашы А. Нұрлиева Шыңғыс ұрпақтарының Еуразия кеңістігінде билік құруы, оның ішінде Алтын Орда – Жошы ұлысының құрылу себебі, саяси тарихы мен мемлекеттің сыртқы шабуылдарға ұшырауы және құлау себептерін, Жошы ұлысының алғашқы ірі мемлекеттердің бірі екендігіне тоқталды. Қатысушы оқырмандар Жошы ұлысы туралы біраз мағлұматтар алып, аудио нұсқада тыңдады.