Отбасы күніне орай «Мықты отбасы мықты мемлекеттің кепілі» ақпарат сағаты.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық – суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Ата – ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні аталып өтіледі. Осы орайда кітапхана оқу залында Отбасы күніне орай «Мықты отбасы мықты мемлекеттің кепілі» атты ақпарат сағаты болып өтті. Қатысушы оқырмандар отбасы туралы ақпарат алып, өз ойларын да айтып, ата-анаға үлкен қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз деп тарқасты.