30 тамыз Конституция күніне орай «Ата занның шұғыласы» атты поэзия кеші.
Бүгін арнаулы кітапхана оқу залында 30 тамыз Конституция күніне орай «Ата занның шұғыласы» атты поэзия кеші үйымдастырылды. Ата Заңымыз еліміздің арайлы азаматтығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары, еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздердің Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Біздің міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстау. Басты талап Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеу, қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау Республикамыздың әрбір азаматының міндетті мен парызы болуы тиіс. Шарада кітапхана оқырмандары ақын жазушылардың өлендерін оқып соңы ән шашумен жалғасты.