» » 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай "Ата Заңым-ардақты" атты кітап көрмесі

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай "Ата Заңым-ардақты" атты кітап көрмесі

     Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Осы мерекеге орай Қызылорда  облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен "Ата Заңым-ардақты"  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
     Мақсаты: Ата Заңның  бағасын білу, оқырман жастарды  еліміздің басты  құжаты - Конституцияның  тарихи маңызын насихаттай отырып, құрметтеуге үйрету. Құқықтық сауаттылыққа және  Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
26 тамыз 2024 ж.. 120
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам