» » Рәбиға Сыздықтың 100 жыл толуына орай «Тіл білімінің тәлімгері» ақпарат сағаты

Рәбиға Сыздықтың 100 жыл толуына орай «Тіл білімінің тәлімгері» ақпарат сағаты

     Қазақ тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик-ғалым Рәбиға Сыздықтың 100 жыл толуына орай   арнаулы кітапханада «Тіл білімінің тәлімгері» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.
Қазақ тілтанымының кемеңгері, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сәтіғалиқызы өзінің саналы ғұмырын төл тіліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, тарихта аты алтын әріппен жазылған ғалым. Белгілі тілші-ғалым, түркітанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде 9 монографиясы мен оқу құралы бар. Ұлы тұлғалардан дәріс алған академик, жүздеген шәкірт тәрбиелеген. 
   «Қазақ әдеби тілінің тарихы» монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы, Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған. «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
23 тамыз 2024 ж.. 126
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам