Кітапхана жұмысының креативті тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында «Мен оқыған бір кітап» кітапханалық квилт.
Кітап оқу – зейініңді арттырып, адам бойындағы сұңғыла ақыл, терең ой, ізгі білім секілді асыл қасиеттерді оятатын таптырмас құрал. Кітап оқу арқылы адамның мінез-құлық нышандары өзгереді. Кітапты оқи отырып адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Осы мақсатта арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Мен оқыған бір кітап» атты кезекті кітапханалық шарамыз белсенді оқырмандарымыздың қатысуымен болып өтті.
Шараға қатысқан оқырмандар өздерінің оқыған кітаптарын ортада қызу талқылап, бір-біріне ұсынды. Шара барысында үздік оқырмандар «Алғыс хатпен» марапатталды