» » 26 маусым – нашақорлықпен күрес күні және құқық бұзушылық профилактикасы аясында «Нашақорлық қоғам дерті» лекция

26 маусым – нашақорлықпен күрес күні және құқық бұзушылық профилактикасы аясында «Нашақорлық қоғам дерті» лекция

Бүгінде қоғам дертіне айналып отырған есірткі біздің ағзамызға әртүрлі жолдармен енгізілгеннен кейін орталық жүйке жүйесін өзгертіп, зор қатер төндіреді. Сондай-ақ мінез-құлықта, көңіл-күйде зор өзгерістер болып,  қабылдау қабілеті бұзыла бастайды.  Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Бүгін арнаулы кітапханада 26 маусым Нашақорлықпен күрес күніне орай «Нашақорлық қоғам дерті» аттылекция болып өтті. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық - жеке тұлғаның толық бұзылуы. Яғни, есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді. 

26 маусым 2024 ж.. 87
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам