Моғолстан мемлекетінің қолбасшысы әрі шежірешісі Мұхаммед Хайдар Дулатидің туғанына 525 ж орай «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» тарихи-таным сағаты.
Биыл, Моголстан мемлекетінің қолбасшысы әрі шежірешісі Мұаммед Хайдар Дулатидің туғанына 525 жыл толып отыр. Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы 1499 жылы Ташкентте дүниеге келген. Ол қазақ ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халқымыздың тұңғыш тарихшысы. Мұхаммед Хайдар Дулати – тарих, география, этнография, әскери іс сияқты ғылым салаларын зерделеген әйгілі ғалым. Бүгін кітапханамызда тарихи тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты тарихи- таным сағаты болып өтті. Дулати «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама»дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Мырза Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау хан балаларының ханзада, сұлтан тарихтың негізін салушы ретінде танымал. М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты классикалық шығармасын алғаш зерттеп, ғылыми айналымға кіргізген қазақтың кемеңгер ғалымы Шоқан Уəлиханов. Шараның мақсаты өскелең ұрпаққа осындай ұлы тұлғалардың игі істерін насихаттай отыра өнеге көрсету. Тұлғаның тарихқа таңбадай басып кеткен ұлы шығармалары болашақ жастардың саналарында мәңгі сақталмақ...