4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне «Көк байрағым жасасын» мерекелік шара
4 маусым күні Қызылорда облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасыныың Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай «Көк байрағым жасасын» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш "Сыр ұланы" тынығу лагерінде өтті.
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа Елтаңба, Ту Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту, оқырмандарды Отанын сүюге, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Елдігіміздің көркем нышандарын ардақтау мақсатында «Сыр ұланы»жазғы тынығу лагерінің тынығушылары Мемлекеттік Ән ұранымызды шырқап, атаулы күннің ажарын айшықтады. Тәрбиеленушілер Р.Дәріпбек Т.Молдағаливтың « Елтаңба»,
Д.Қанатұлы Ж.Ысқақованың«Мақтанамыз олармен», Д.Бақытұлы Т.Толқынқызының«Әнұран»
Е.Жеткерген И.Сапарбайдың«Менің әнұраным»өлеңдерін,
Б.Дариял « Алаш ұлы» ,«Сұңқар»тобы«Көк тудың желбірегені» әндерін айтып мерекенің сәнін келтірді. Шара соңында кітапханашы көрме жасап, балаларды ақпараттандырды.
Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, рәміздеріміздің мәртебесі одан әрі арта берсін!