4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне «Ел айбыны – рәміздер» кітап көрмесі.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
Осы орайда, арнаулы кітапханада «Ел айбыны-рәміздер» тақырыбында кітап көрмесі өтті.
Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Алғашқы жылдардағыдай емес, қазіргі кезде еліміздің Әнұраны мәтінін білмейтін жан кемде-кем. Ол насихаттың жемісі.
Көрмеге Ата Заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Ж. Мәлібекұлының «Қазақстан Елтаңбасы. Герб Казахстана. State Emblem of Kazakһstan», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» мен «Елтану әліппесі» т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы турасындағы кітаптар, фотоальбомдар қойылды