1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне «Ұлттық ойын – халық мұрасы» балалар арасында сайыс.
Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың елеулі тақырыбы. Ұлттың бүгініде болашағыда тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Кез келген халық ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, болашағы деп біледі. Тағылымды тәрбие бала болашағының іргетасы. Осы орайда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен 1 Маусым Халықаралық балалар күні қарсаңында «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық – спорт сайысы кітапханамыздың тұрақты жас оқырмандарының қатысуымен өтті.
Сайыс үш кезеңнен құралды:
1-кезең: «Асық ату» сайысы
2-кезең: «Қол күресі» ойыны
3-кезең: «Арқан тарту» сайысы.
Сайысқа қатысушы жас оқырмандарымыз «Болашақ» және «Қыран» тобы болып екіге бөлініп, үш кезең бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде «Болашақ» тобы жеңіске жетіп, Алғыс хаттармен марапатталып, қатысушыларға балмұздақтар таратылды. Сайыс соңында «Бақытты бала-бақытты ел» атты балаларға арналған кітап көрмесімен таныстырылды.
Шараның мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың жазғы демалыс уақытында табиғат аясында жазғы демалыс уақыттарын көңілді ұйымдастыру. Қазақ халқының ұмыт қалған ұлттық ойындарын қайта жаңғырту арқылы қазіргі заман талабына қарай оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдыларын және сезімін ояту.
Жасөспірімдерді ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, достыққа, дене тәрбиесімен айналыса отырып салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.